Студенттер үйінде
- Подробности
- Опубликовано: 27 ноября 2012
2012 жылдың 27 қарашасында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2-4 курс студенттері н құқықтық тәрбиелеу аясында ҚМПИ №2 жатақханасында Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция әр үйге» атты іс-шара өткізілді. Оның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының негізгі заңы Конституцияның жағдайларымен студенттерді таныстыру болып табылды. Іс-шара барысында Конституцияның құрылымы жайлы сөз қозғалып, презентация арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, Конституцияны білу бойынша студенттердің арасында инстеллектуалды ойын өткізілді. Ойынның жеңімпазы атанған Алимгазина Әйгерімге («Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1 курс студенті) ҚР Конституциясы табыс етілді.