18 қазан – Қазақстанда рухани келісім күні

16.10.12жылдығын атап өтуде. 20 жыл бұрын 1992 жылы 18 қазанда Алматыда Әлемдік Рухани Келісім конгрессінің бірінші сессиясы болып өтті. Алғаш рет адамзат тарихында руханилық мәселелері толғандыратын барлық діндердің, рухани қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бір үстелдің басында жиналды. Конгрессті өткізу уақыты кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Осыдан 100 жыл бұрын осындай съезді шақыруды АҚШ-тың Чикаго қаласында өткізуге талпыныс жасалған болатын, өкінішке орай жүзеге аспады. І Дүниежүзілк Рухани Келісім Конгрессіне қатысушылардың қабылданған Манифесінде 18 қазанды Рухани Келісім Күні деп жариялап, бұл күнді шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий күні, татулықты іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністік қалыптастыру күні, қайырымдылық пен жақынына көмек күні деп таныды.Осылайша 18 қазанда жыл сайын біздің елімізде Рухани Келісім Күні аталып келеді. «Дінаралық сыйластық! Еш қақтығыссыз! Қайырымдылық пен ізгілік!» - Рухани Келісім Күнінің негізгі қағидалары болып табылады. Осы жылы аталмыш мереке әлемде руханилық, адамгершілік, толеранттылықты насихаттау тұрғысынан республикалық көлемде аталып өтілуде. Осы мерекені мерекелеу аясында тарих және өнер факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, соның ішінде қоғамдық ғылымдар кафедрасы да белсене ат салысты. 2012 жылдың 16 қазанында қоғамдық ғылымдар кафедрасы қонақтар клубы аясында «Шет тілі», «Биология», «География», «Тарих», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері» мамандықтары студенттерімен «Руханилық сабақтары» тақырыбына «Марал Ишан» мешіттің азаншысы Хасенов Саятпен кездесу өткізілді. Студенттер кездесуге белсенділік танытып, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, түрлі мәселелер бойынша пікірлерін білдірді. Кездесу ілтипатпен өтті.

16.10.2012

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті 18 қазан – Қазақстанда рухани келісім күні