Жас дарын

30.03.2012Өнер кафедрасы 30 наурызда Қостанай облыстық білім басқармасы және облыстық мәдени – спорт орталығымен бірлесе отырып бейнелеу өнері төңірегінде «Жас дарын» атты облыстық жас суретшілер сайысын өткізді. Сайыс төмендегідей тақырыптар бойынша: графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнерден өткізілді. Алқа төрелері болып Қазақстан республикасы суретшілер Одағы мүшелері Шалунова С.И., Баталова Б.Ж., Изюмова Т.В., өнер кафедрасы оқытушылары Жусупова Д.Ж., Нарумова М.В., Сапиев А.С. тағайындалды. Сайыс төңірегінде өнер кафедрасы оқытушылары төмендегідей класс шеберлігін: мата суреті бойынша (аға оқытушы Нарумова М.В.), түрлі деңгейдегі акрил жазбаларынан (аға оқытушы Жусупова Д.Ж), графика (ҚР театр Одағы қайраткері Сапиев А.С), компьютерлік Pain Corel Draw дизайні (педагогика және психология магистрі Ордашева М.Ж), сәндік қолданбалы өнер (витраж) (педагогика және психология магистрі Гришина К.Г) өткізді.Сайысқа Қарабалық ауданы балалар өнер мектебі, Меңдіқара аудандық өнер мектебі, Таран аудандық өнер мектебі, Сарыкөл аудандық өнер мектебі, Қостанай, Лисаковск, Рудный қалалық балалар сурет мектептерінен, Жетіқара қаласы, Жетіқара, Қостанай аудандарының орта мектептерінен 45 оқушылар қатынасты. Сайыс жеңімпаздарын 14.30 А-205 зертханасында салтанатты марапаттау церемониясы өткізілді. Ерекше жұмыстар 29 наурыз күні өткізілген «Ашық есік күні» көрмесіне қойылды. Гран-Приді Қостанай қалалық балалар сурет мектебінің оқушысы Омельченко Ксения Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсу грантын жеңіп алды.

 

30.03.2012

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз