Өнер кафедрасы апталығы

17.03.12Наурыздың 12 мен 17 аралығында өнер кафедрасы әдістемелік апталығы өткізілді. 12.03 сағат 09:30 «Sibelius» ноталық басылым бағдарламасын пайдаланып, «Хоровая аранжировка» пәнінен (жауапты аға оқытушы Саятулекова Л.С.) интерактивті тақтамен ашық сабақ өткізілді.13.03 сағат 14:30 музыка пәні және қосымша педагогикалық білім мұғалімдерімен «музыкалық-компьютерлік технологияны пайдалану» (жауаптылар кафедра меңгерушісі Сапиева М.С., оқытушы Тұрлыбаева Д.К.) атты дөңгелек стол өткізілді. 14.03 сағат 11:30 мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» пәнінен (жауапты аға оқытушы Нарумова М.В.) ашық сабақ өткізілді.15.03 сағат 11:30 ҚМПИ-ның ғылыми кітапханасында «Бейнелеу өнері және сызу», «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша жаңа оқу-әдістемелік, библиография-анықтамалық әдебиетінің тұсау кесері (жауапты магистр Гришина К.Г.) болды. 16.03 сағат 15:30 ҚМПИ-ның акт залында фортепианолық дуэт концерті өткізілді (жауаптылар: доцент Белозер Л.П., концертмейстер Акбужурова С.Ж.). Санкт-Петербург қаласының Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінде өткізілетін халықаралық ағартушы - музыканттар конкурсына қатынасқан фортепианолық дуэт бағдарламалары орындалды.

17.03.1217.03.12

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз