Мини-футболдан жарыс

2017 жылдың 11 сәуір күні тарих және өнер факультетінің 1-4 курс студенттерінің арасында мини-футболдан жарыс өткізілді. Жарыс мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс мини-футболдың жеңілдетілген ережелері бойынша өткізілді: 2 тайм 15 минуттан. Жеңіс үшін командаға 3 ұпай берілсе, тең ойын үшін 1 ұпай, жеңіліс үшін 0 ұпай берілді. Ойынға факультеттің курстар бойынша жинақталған құрамалары жіберілді. Сайыс нәтижесі бойынша 1 орынды 1 курс студенттерінің құрамасы «Коста Сити», 2 орынды 3 курс студенттерінің құрамасы «Лестер», 3 орынды 1 курс студенттерінің 2-ші құрамасы «Тарихшылар» иеленді. Ең үздік қақпашы Накыпов Бекзат болып танылса, ең үздік ойыншылар болып Жиенкулов Александр мен Шыныбеков Ерлан танылды. Сайысты ұйымдастырған факультет оқытушылары: Абильмаликов К.К., Нурпеисова Э.Т., Елкей Н.Н., Қалиев Д.Д., Абенов Д.Е.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз