Еңбек қарым-қатынасындағы медиация
- Подробности
- Опубликовано: 20 апреля 2017
2017 жылдың 20 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ Достық үйінде медиация және халық дипломатиясы Мектебінің кезекті сабағы өтті. Қонақтарды медиация кабинетінің кәсіби медиаторлары – заңгер Ольга Кравченко және психолог Марина Навоева қарсы алды.
Сабақ мақсаты: көбінесе еңбек қарым-қатынасының ажырамас бөлігі болатын еңбек дауларында медиацияны өткізу ерекшелігін белгілеу. Іс-шараға институт студенттері - медиация және халық дипломатиясы Мектебінің тындаушылары, сонымен қатар келесі оқытушылар: қосымша білім беру факультетінің деканы, т.ғ.к., Самаркин С.В., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., Евдокимова О.Н., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, PhD докторы Козыбаева М.М. қатысты.
Белгілі болғандай, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ этномәдениеттік бірлестіктердін өкілдеріне және бүкіл Қостанай облысының азаматтарына медиация сұрақтары бойынша, медиация кабинеті мен сенім телефоны жұмыс жасайды. Одан басқа, осында медиатордар кеңесі құрылды, оның құрамына әртүрлі саладағы мамандар кірді – философия, заң, педагогика, психология ғылымларының кандидаттары мен докторлары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, әртүрлі этномәдениеттік бірлестіктердің өкілдері. «Қостанай облысы медиаторларының Ассоциациясы» ОФ белсенді ынтымақтастық орнатылуда. Ольга Кравченко еңбек құқығы үшін медиация жаңа еместігін айтып өтті. Дауларды шешу үшін делдалдық институты бұрыннан қолданылады, бірақ тек ұжымдық еңбек дауларына бағытталған. Медиация процессінде қандай да даулар шешілмесін – ұжымдық немесе жеке, бәрібір тек үш тарап ұсынылған, делдал-медиаторды қоса алғанда. Сонымен, медиация дауларды шешуге емес, реттеуге тараптарды итермелейді. Барлық медиаторлар үшін келіспеушіліктерді реттеуде бейтараптық делдалдықтың басты шарт болып келеді.
Медиатордың басты мақсаты – келіспеушілік бойынша екі серіктесті қолай отырып, бейтарап болу. Медиатор – келіспеушілікті шешу және нақты келісімге келу процессін cүйемелдейтін бейтарап үшінші тұлға. Медиатор арқылы жеңген де, жеңімпаз да болмайтын шешімге келуге болады. Өткізілген медиацияның нәтижесінде тындаушыларға келіспеушілікті шешуге және тараптарды бір келісімге әкелді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұжымы және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың қосымша білім беру факультеті Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ медиация кабинетінің қызметкерлеріне медиаторларды дайындауда көрсетілген көмегі үшін алғысын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.