Медиация мектебінде қақтығыстың оң және теріс салдары зерттелді
- Подробности
- Опубликовано: 02 ноября 2017
2017 жылдың 1 қарашасында Халықтық дипломатия және Медиация мектебінде төртінші сабақта өткен, «peer-to-peer education» немесе «тең-теңімен» қағидасы толығымен орындалды.
Бұл сабақта жаттықтырушы - модератор боп кәсіби мұғалім емес, «Психология» мамандығының төртінші курс студенті, Халықтық дипломатияның және Медиация мектебінің түлегі Мишанова Екатерина жүргізді.
Сабақ тренинг түрінде өткізілді және «Қақтығыс сипаттамасы әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбына аяқталды.
Психология және дефектология кафедрасының доценті, п.ғ.к., Т.И. Смаглий-дің бізге жүргізген алғашқы сабақтарынан, медиатор үшін қақтығыстың әр мәнін түсіну, эмоцияларын түсіне білу, қақтығыстың әр тарапының сезімін және диалог үшін мүмкіндіктерді табу маңызды екенін біз түсіндік.
Ол үшін Катерина тыңдаушыларды қақтығыстың стандартты жағдайын сахнада ойнап беруді сұрады.Содан кейін біз көрініске қатысқан барлық қатысушылардың мінез-құлқын,қимылдарын және сөйлеген сөздерін анықтап қарастырдық.Бұл сахнадағы мысалда әрқайсысы өзі үшін жаңа нәрсе алды және, қандай да бір жолмен өзін таныды.
Айта кету керек, қақтығыс ол әрдайым жағымсыз оқиға емес. «Шындық дауда туады» деп, халық даналығында бекер айтылмаған. Бұл даналылық қатысушылар тапсырмаларын топ бойынша орындау барысында өздері де дәлелдеді.Бұл үшін студенттер «Авокадо» және «Мандарин» боп екі топқа бөлінді. Бірінші топ қақтығыс кезіндегі жағымды жағын табу керек болды,ал келесі топ - жағымсыз жағын.
Бұл тапсырмаға «Математика» мамандығының 3 курс студенті Нұрушева Данагүл шығармашылық жағынан өте жақын келді.Ол өзінің көрген сұрағын суретте бейнеледі.
Медиация мектебінде келесі сабақта шыдамдылық бойынша семинар өтеді.