Филологиялық емес мамандықтардың 1-2 курс студенттері арасында Республикалық ағылшын тілінен өткен олимпиадада үшінші орын
- Подробности
- Опубликовано: 20 марта 2018
2018 жылдың 20 наурызы күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, филология факультетінің шет тілдері кафедрасы базасында Қазақстан жастарының рухани құндылықтарын қалыптастыру мақсатында филологиялық емес мамандықтардың 1-2 курс студенттері арасында Республикалық ағылшын тілінен өткен олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша «Тарих» мамандығының 2 курс студенті С. Қожамбердиев «Тарих» мамандығының 3 курс студенті Ж. Адырбаевның техникалық көмегімен жүлделі үшінші орынды иеленді.
Республикалық олимпиада екі кезеңнен тұрды. Біріншісі - лингвистикалық, В1/В2 деңгейін меңгерудің халықаралық стандартына сәйкес бағытталған (лингвистикалық бөліктің ғылыми жетекшісі – Данилова В.В., философия докторы (PhD), ҚМПИ шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы), екіншісі - жобалық, «Spiritualrevival» («Рухани жаңғыру») тақырыбындағы жоба – олимпиадаға қатысушылардың үй тапсырмасын орындауы.
Бірінші айналым қорытындысы бойынша - филологиялық емес мамандықтар студенттерінің лингвистикалық компетентің анықтауға арналған кешенді тест (ашық тесттер; көп таңдаулы тесттер; көрсетілімді оқу, іздеу типтері; аудио және хат); студент жалпы студенттер санына кіріп, соның нәтижесінде екінші айналымға өтті.
Екінші айналым үй тапсырмасының презентациясын ұсыну – «Рухани жаңғыру» бағдарламалық құжаты шеңберінде рухани жаңғыру тақырыбындағы жоба.
Қожамбердиев С. Жоба тақырыбы - «Трехъязычная карта исторических памятников города Костаная на базе двумерного QR штрих кода». Жобаның ғылыми жетекшісі – Шахаман З.Б., т.ғ.к., профессор, ҚМПИ ӘГФ деканы.
Жоба мақсаты – жаңғырудың жаңа түрінің бірінші жағдайын жүзеге асыру мақсатында QR штрих код базасының көмегімен Қостанай қаласындағы тарихи ескерткіштердің үштілдік картасын құрастыру. Өз мәдениетін сақтау, өзіндік код арқылы зерттеу нәтижелерін оқу процесіне («Тарихи өлкетану») енгізу.
Студент Қостанай қаласындағы 47 тарихи орынды үш тілде карта ретінде жасап, kahoot.it белсендіру ойынының демо-сессиясын ұйымдастырды және жобаның промо-ролигін ұсынды.