Ұлы даланың жеті қыры тарихи санамызды жаңғыртып, рухани дамуға жеткізетіні сөзсіз
- Подробности
- Опубликовано: 22 ноября 2018
Мемлекет басшысының 21 қарашада жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын кәсіби тарихшы ретінде сүйсіне оқып шықтық. Елбасы тарих ғылымындағы мәселелерді көтерген, қолға алынуға тиіс істерге бағдар жасаған. Бұл мақаладан біздің көңілге түйгеніміз – Тәуелсіздігімізді баянды етудегі, «Мәңгілік Ел» болудағы тарихшының үлкен рөл атқаратындығы.
Сондықтан да Елбасының мақаласын насихаттап, қолдау білдіру мақсатында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «тарих», «бейнелеу өнері және сызу», «музыкалық білім», «шетел тілі», «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарында оқитын бірінші курс студенттеріне «бағдарламалық» лекция оқылды. Тарих факультетінде оқитын студенттеріміз «Ботай» қонысында жылда археологиялық практикасын өткізетіндіктен, Елбасы айтқан «Атқа міну мәдениетіне», Ежелгі Қазақстан тарихы пәніндегі кен ісі, аң стилі, алтын адамға да тоқталдық. Президентіміз көңіл аударған көк түрік енші алғанда «Қара шаңырақта» қалған қазақ халқы деген тұжырымымен біз де және студенттерде қолдайтындықтарын бірауыздан білдірді.
Жас зерттеуші ретінде тарихи шығарма, зерттеу жұмысымды жазғанымда еліміздегі және шетелдегі шаң басқан мұрағат қорларындағы деректермен жұмыс істедім. Соның арқасында докторлық диссертациямды сәтті қорғадым. Сондықтанда «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасын қолдаймын. Соның арқасында деректанушы мамандығы мен еліміздегі мұрағат ісі дамитынына кәміл сенеміз.
Замандастарымызға және келешек ұрпаққа көне дәуірдегі бабалардың, берідегі Алаш арыстарының тұлғасын таныту арқылы көкіректеріне білім, жүректеріне патриоттық сезімді қалыптастару тарихшылардың берік ұстанымына айналуға тиіс.
Рауан Байдалы PhD доктор,
Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті