Университетте «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер сабағында ақпараттық технологияны қолдану» атты семинар іс-шарасы өтті
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2018
21 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер сабағында ақпараттық технологияны қолдану» тақырыбында оқу-әдістемелік шебер сыныбы өтті. Семинар мақсаты - Білім беру үрдісінде жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдануды жетілдіруді көрсету. Іс-шарада SWOT-анализ – стратегиялық жоспарлау әдістері мен тақырыптарға байлынысты аудио-видео жазбалар оларды пайдаланудың әдістемелік жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, «Латын әліпбиіне көшу» мен «Жаңартылған білім бағдарламалары» ұстаздар арасында талқыланды.
Шеберлер сыныбын ұйымдастырып өткізгендер әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің оқытушы-профессорлары - Өтеген Исенов, Гаухар Балғабаева, Рауан Байдалы, Анар Бухметова. Шараға қатысқандар қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер, құқық негіздері және экономика кафедрасы, педагогика кафедрасының ұстаздары мен «Тарих» мамандығының 3-4 курс студенттері.