Медиация және халық дипломатия мектебінің тыңдаушылары медиация тәсілін зерттеді
- Подробности
- Опубликовано: 10 апреля 2019
2019 жылдың 10 сәуірінде медиация мектебінің тыңдаушылары ҚМПУ «Психология» кафедрасының оқытушысы Бисембаева Асем Кумаровнамен бірге вербалды және вербалды емес қарым-қатынастың ерекшеліктерін зерттеді.
Асем Кумаровна атап өткендей, ым-қимыл мен мимиканы білу медиаторға клиенттермен қарым-қатынас жасауға, олардың пікірлеріндегі ақиқатты анықтауға, медиаторға жүгіну себебін түсінуге және медиация процесін басқаруға көмектеседі.
Сондай-ақ тыңдаушылар тұлғааралық қатынастарды құру, сату, бизнесті басқару, психотерапия, қарым-қатынас, білім, спорт және т. б. көптеген қызмет салаларында жиі қолданылатын НЛБ (нейролингвистикалық бағдарламалау) ұғымымен танысты.
Оқытушы жарқын мысалдар мен материалды жеткізудің заманауи әдістерін пайдалана отырып, сабақтарын әрдайым қызықты, белсенді түрде өткізеді.