«Тілді білсеңіз – елді білесіз»
- Подробности
- Опубликовано: 18 ноября 2013
2013 жылы 11-16 қараша аралығында ҚМПИ, шет тілдері факультеті, практикалық лингвистика кафедрасында «Тілді білсеңіз – елді білесіз» апталығы болып өтті. Апталық аясында оқу-әдістемелік, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталықтың алғашқы күні 1-3 курс аралығында қазақ тілі пәнінен орыс тілді аудиторияларда студенттер мынадай тақырыптарда эссе, шығарма жазды.
1. ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН.
• Қазақстанның қандай ерекшелігі бүкіл әлемге үлгі бола алады?
• Қазақстанның патриоты ретіндегі үлесің қандай?
• Қазақстан – жастар көзімен.
• Мәдениет.
• Әдет-ғұрып, салт-дәстүр.
• Атақты адамдары, тарихи тұлғалары жайлы көркем түрде жеткізу.
• білімді жастың өресі биік.
• білім биікке жетелейді.
І орынды – жаратылыстану – математика факультеті, биология мамандығының 3 курс студенті Досова Ардақ иеленді.
ІІ орынды – тарих және өнер факультеті, тарих мамандығының 1 курс студенті Сүлейменова Айгүл және шет тілдері факультеті, ағылшын тілі мамандығының 1 курс студенті Жекибаева Айгерім иеленді.
ІІІ орынды – физика мамандығының 1 курс студенті Москаленко Артем, Шет тілі мамандығының 1 курс студенті Байзакова Саяш, музыкалық білім мамандығының 1 курс студенті Сейіт Ербол иеленді.
Мадақтама грамоталарымен шет тілі мамандығының студенті Әбдіқалық Әйгерім, Жаңбырбаева Әсемгүл, география мамандығының 1 курс студенті Азнабаева Раушан марапатталды.
І орынды иемденген физика мамандығының 1 курс студенті –Москаленко Артем.
Әділ-қазылар алқасы: Оразалы Жақсанұлы-Қостанай газетінің қазақ бөлімінің редакторы, Жакаева Салтанат Ануарбекқызы-әлеуметтік- тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы, Айсенова Жазира Асқарқызы-Қостанай колледжінің аға оқытушысы, Хасенова Қадиша Рахимқызы-практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, Саменова Әсем Қылышбайқызы-№ 9 орта мектебі директорының тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.