Қорытынды конференция

28.03.1328.03.2013 жылы Қазақ және орыс филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-ші курс студенттерінің педагогикалық машықтанудан өткен қорытынды конференциясы өтті. Конференцияда студенттер машықтану барысында жасаған жұмыстарын қорғады. Жалпы 4 курс студенттері Қостанай қаласының базалық №20 Мәриям Хәкімжанова атындағы орта мектепте 5,6 сыныптарда, №24 Сырбай Мәуленов атындағы гимназисының 6,7,8 сыныптарда, № 10 мектептің 5,6 сыныптарда машықтанудан өтсе, бес студент ауылдық мектептерде педагогикалық машықтанудан өткен болатын. Әр мектепте машықтанудан өткен студенттер портфолио қорғады. Конференцияда қазақ және орыс филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы оқытушыларымен педагогика және психология пәнінің оқытушылары студенттердің жасаған жұмыстарын талдап,өз бағаларын берді. Машықтану барысында көрсеткен жоғары деңгейдегі жетістіктері бойынша №10, №20 мектепте өткен машықкерлерге мектеп әкімшілігі атынан факультет ұжымына алғыс хат берілді. Педагогикалық практика ойдағыдай өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз