Жыл әдіскері байқауы

2013 жылы 30-31 қазанда Алматы қаласында ЖОО әдістемелік бюро мүшелерінің байқауы болып өтті. Бұл 5 кезеңнен тұратын байқауға ҚМПИ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Абдрашева Алия Қажымұқанқызы қатысты. Институттың атқарып жатқан әдістемелік жұмыстары бойынша Алия Қажымұқанқызы оқу орнымыздың намысын қорғап, Республикалық «Жыл әдіскері» байқауында «Ең жас әдіскер» номинациясы бойынша грамота мен сертификат алып қайтты. Болашақта әдіскеріміз Алия Қажымұқанқызына шығармашылық табыс тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз