«Егемендігім – Елдігім» атты жас ақындар айтысы
- Подробности
- Опубликовано: 11 декабря 2013
Өнер халық мәдениетінің айнасы іспетті. Ұлттық өнеріміздің ішінде өз бағасын, өз құндылығын жоғалтпай келе жатқан айтыс өнері. Желтоқсан айының 11-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай облыстық көлемде «Егемендігім – Елдігім» атты жас ақындар айтысы болып өтті.
Айтыс сөз тазалығын, мәнерді, мәнер мен махам үйлесімін, суырып салмалықты талап етеді. «Өнерлі өрге жүзер» дегендей біздің де киелі қара шаңырақ Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтында да білімді, талантты, дарынды, өнерлі жастар жетерлік. Сол айтыста өз бағын сынап жүрген жас ақындарымыздың бірі біздің қазақ және орыс филологиясы факультетінің мақтанышы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті, өз өңірінің «Жас ақын» төсбелгісінің иегері – Ақбаба Нария жүлделі үшінші орынды иемденіп қайтты.Айтыс облысымыздағы іргелі ғимараттарымыздың бірі Достық үйінде, Қалалық Мәдениет басқармасының ұйымдастырылуымен өткізілді. Айтысқа барлығы 10 ақын қатысып, 5 жұп ақын аламанда сынға түскен болатын. Обылысымыздың әр аймағынан келген жас ақындар бәйгеде оза шауып, өздерінің суырып салма ақын екендерін дәлелдей түсті. Жас ақындар айтысына төрелік еткен қазылар алқасының қатарында жас ақындарға жол сілтеп бағыт -бағдар беріп жүрген Әлфия апай, Ақылбек Шаяхметов, Мешіт ағайлар болды. Айтыс өте тартысты, әділ, жекпе-жекке толы болды.