Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый
- Подробности
- Опубликовано: 12 декабря 2013
Желтоқсан айының 12-сінде «Алау» радиосының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 22-жылдығына орай, «Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый» атты тақырыпты талқылауға Қостанай мемлеттік педагогикалық институтының Қазақ және орыс филологиясы факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Сартай Ақжарқын қонақта болып қайтты. Қазақ қазақ болғалы, өткен тарихты, қазақтың нар кескен батырларының ерліктері жайлы, қасық қаны қалғанша тер төгіп, тәуелсіздік, еркіндік, тыныштықты жаны сүйетін, бейбітшілік, ынтымақ деп талай қан төгістің арқасында келген осы тәуелсіздік біз үшін алар орны ерекше. Біз қазақ елі «қызымыз күң болмасын деп, ұлымыз құл болмасын» деп жай жатқан елміз.
Қазірде Ұлт көшбасшысы атанған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы, оның сындарлы саясатының арқасында Қазақстаннның бүкіл дүние жүзі таныған мемлекетке айналуы сөз болды. Сонымен қатар жас жүрегінің қазаққа деген сезімінің отынан, теңізден тамшы дегендей ақындық дарынның арқасында «Тәуелсіз Қазақстан жаса мәңгі» атты өлеңін оқып, сөз сабын ары қарай жалғады.
Соған қоса, Қазақтың елі әлі талай биіктердің төрінде дамуы керек, ол үшін қазақ деп соққан жүректің, жастардың елге, жерге, тілге, халыққа деген құрметінің арқасында бірлігі жарасқан, ел болуы үшін біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген ұранмен сөзін аяқтады.