Қыз қылығымен
- Подробности
- Опубликовано: 19 декабря 2013
Қостанай қаласындағы «Алау» радиосы барша қазақ елін қамтыған, бағдарлама. Қазақстанның радио жұмысы қарқынды дамып, қазірде жастардың шығармашылығының дамуы жолындағы үлкен белестердің бірі болып отыр. Желтоксан айының 19-шы жұлдызы күні «Алау» радиосының шақыруымен, пікір алмасып, келелі ойларымен бөлісу үшін қонақ ретінде осы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақ және орыс филолгиясы факультетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамндығының 1 курс студенті Сартай Ақжарқын қатысты. Қазіргі таңдағы қыздардың тәрбиесі, олардың инабаттылығы мен ибалылығы жайлы сөз қозғалды. Соған қоса, қазірде қоғамдағы бел алып отырған қоғамдық мәселелер жайлы, жастардың темекі шегуге, нашақорлыққа бет алуы, өзін-өзі өлімге итермелеу себептері, қазақтың ұлттық тәрбиесі, қазақтың бойына сіңген менталитеті жайлы кеңінен сөз қозғалып, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. Бұл айтылған ойлардың бәрі қоғамның қауіпті де келелі, кез-келген жас өреннің ойындағы, «қазақ» деп соғатын патриот жас жүректің мәселесі болып отырғандығы бәріне аян.