Cтуденттердің ҚМПИ тарихымен танысу күні.

08.02.14ҚМПИ үшін 2014 жыл ерекше жыл. ЖОО-ның 75 жылдығын қазан айында оқытушылар мен студенттер тойлайды. Шет тілдері факультетінің ұжымы инсититуттың мерей тойына арнап бірінші, екінші курс студенттерінің Қостанай қаласының қадірлі азаматтарымен, ОО ''Қостанай облысының тарихшылар ассоциациясы" бастығымен, ҚМПИ Экс-ректорымен (80 жылдары) Терновый Иван Кондратьевичпен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде сонымен қатар оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты Төлеген Мұхтар Әділбекұлы және ШТФ деканы, филология ғылымдарының кандидаты Дорошок Е.Л. қатысты. Студенттер институттың 1939 жылғы тамыздан бергі құрылу тарихы туралы Иван Кондратьевичтің мазмұнды әңгімесіне қанық болды.

Ғалым мен жазушы студенттерді «ҚМПИ тарихы» атты кітабымен таныстырды, Иван Кондратьевич айтуы бойынша бұл кітап тек Қазақстанға ғана емес, оның жанындағы елдерге де қажетті. Қызыл тілдің маманы және тарихтың білгірі, Иван Кондратьевич, өзінің қатысуымен студенттерге ҚМПИ студенті болу - бұл жауапкершілік және керемет екенін ұқтырды, сондықтан педагогтар осы уақытқа дейінгі қоғамның гүлденуінің ең қажетті мүшесі, халық құндылықтарының қорғаушысы және Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелеуші болып табылады.
Жауапты алғы сөздерімен Хамзина Анар 1 курс студенті, «Алтын белгі» иегері, бірінші семестрді үздікке бітірген және Задорожный Артем 4 курс студенті, Франциядағы Перпеньян қаласында академиялық мобильді бағдарламаның оқуын өтуші.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Cтуденттердің ҚМПИ тарихымен танысу күні.