БРЕЙН-РИНГ « Қазақстандағы Үштілділік»
- Подробности
- Опубликовано: 19 февраля 2014
19 ақпан 2014 жылы шет тілдер факультетінде БРЕЙН-РИНГ «Қазақстандағы Үштілділік» өткізілді. Ойынға 1-ші курс студенттері қатысты - 3 командадан болды: Шетел тілдері факультеті, Тарих және өнер факультеті және Филология факультеті. Ойын 3 турдан құралды: таныстыру, негізгі тур, шығармашылық сайыс. Студенттер 3 тілдік білімін көрсетті: қазақша, орысша, ағылшынша. Және де хабардарлық географиядан, спорттан, тарихтан, жанкүйерлермен ойын, тур арасында музыкалық қойылымдар қойылды.
Сайыс мәресіне ШТФ командасы, яғни, Баянбекова Нильжан, Қажен Айгерім, Бектұрған Арайлым 1 – ші орынға ие болды. ФФ құрамында Миркемел Айнұр, Өскенбай Гүлжанат, Бұхарбай Гүлдана – 2 орын, ал ТжӨ командасының құрамы Пушкарева Анастасия, Нұрпейісова Ансат және Байдукенова Мадина – 3 орын. Жеңімпаздарға грамота табысталды.
Әділқазылар құрамасында Қасенова Әсел, Тұрғынгожина Назерке, ЧелМПУ-дің магистранты Мирошниченко Роман студенттерге алғысын білдіріп, ұйымдастырушыларға 2-ші курс студенттері Абилова Сымбатқа, Волоха Алинаға-, Невзоров Владиславқаграмоталарын табыстады. Бұл іс-шараның ұйымдастырылуына жауапкершілік артқан шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Унгутбаева Г.Ш.