«Ұлттық ойындар» викторинасы

17.03.142014 жылдың 17 наурызында ШТФ оқу-әдістемелік кабинеті мен көптілділік Орталығының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына орайластырылған «Ұлттық ойындар» викторинасы өткізілді.
Бұл іс-шараға Греноболь қаласындағы Француз университетінің магистранты, ҚМПИ Француз орталығының оқытушысы Анаис Мурэ және АҚШ-тан келген волонтер Каролин Бэрроу қадірлі қонақ ретінде шақырылды.
Викторнинаға қатысқан ШТФ мен ЖМФ көптілді топ студенттері қазақ және ағылшын тілдері бойынша, сондай-ақ халқымыздың салт –дәстүрлері бойынша өз білімдері жоғары дәрежеде көрсете білді. Шетел қонақтарын қатыстыра отырып, ұлттық ойын ойнап, кешті қызықтыра түсті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз