Француз «VIA DOMITIA» университетінің өкілдерімен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 11 апреля 2014
2014 жылы 10-11 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты « VIA DOMITIA» француз өкілдерін қарсы алды, француз тілі оқу орталығының директоры Паскаль Казанова және халықаралық қарым- қатынас проректоры Жан луи Марти Перпиньян қаласынан келді. Университет ҚМПИ –мен 2010 жылдан бастан қарым-қатынас жасап жатыр, сол кезден бастап екі ұйым бір-бірімен студенттер және мұғалімдермен айырбас жұмыстарын жүргізіп жатыр. Институттың ректоры К.М.Баймырзаев соңғы кездескенде екі ұйымның дамуы туралы сөйледі. Болашақта институт магистратураның үздік студенттеріне оқуды өздері төлейтінін айтты.
Институттың оқу бөлімінің проректоры Толеген М.А. Жан Луи Марти , Паскаль Казанова және институттың студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Студенттер Францияда оқу туралы көптеген сұрақтар қойды. Осы кездесуде шетел тілдері факультетінің деканы Дорошок Е.Л., ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И. және шетел тілінің барлық оқытушылары болды.