Қазақстандағы АҚШ елшілігі өкілімен кездесу

11.04.14-2Сәуірдің 11 - жұлдызында оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Төлеген М.Ә., шетел тілдері факультетінің деканы Дорошок Е.Л., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілі, ағылшын тілінің оқытушысы Би Дженикспен htth:// kazakhstan.umerbassy.gov/beejenkins- fellow/html кездесті.
АҚШ елшілігі өкілімен кездесу барысында ҚМПИ мен Огайо штатындағы Кен мемлекеттік университеті арасында студенттер және оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасының шарттары талқылынды. Би Дженикс Эквадор, Италия, Армения және Құрама Штаттарда тұрып, жұмыс істеген.

11.04.14Ол магистр дәрежесін TESOL саласында (ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқыту) Огайо университетінде 4 жыл жұмыс істеп жүріп алған. Сонымен қатар, ол Ереванда орыс-армян университетінде жұмыс жасап, ағылшын тілінің дыбысталуын дамыту курсын жүргізген. Ол сабақтарын өнер, саясат және мәдениетпен ұштастыра отырып, студенттерді сын тұрғысынан ойлауға үйретеді, сонымен қатар сабақтарында оқытудың жобалау әдісін қолданады.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ағылшын тілі аймақтық кеңсесімен htth:// kazakhstan.umerbassy.gov/beejenkins- fellow/html бірлескен жұмысы тілдік емес пәндерді ағылшын тілінде жүргізетін оқытушылардың кәсіби бірлестігін ұйымдастыруды жоспарлады. Бұл жұмысты Би Дженикс шетел тілдері кафедрасымен бірлесе жүргізеді. 2014-2015 оқу жылында ұйымдастырылатын әдістемелік семинарларда оқытушыларға тәжірибе алмаса алады, ал бұл ҚМПИ білім беру сапасын арттыруға көмектеседі.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Қазақстандағы АҚШ елшілігі өкілімен кездесу