Конференция - «Инновациядан күнделікті практикаға»
- Подробности
- Опубликовано: 17 апреля 2014
2014 жылдың 17 сәуірінде шетел тілдері факультетінде жыл сайын өтетін мұғалімдер мен білім орындары оқытушыларының облыстық ғылыми- практикалық конференциясы болып өтті. Конференцияға физика- математикалық лицей, №5, №11, №2, №1 орта мектептерінің және Қостанай медицина колледжінің мұғалімдері қатысты. Конференция үш негізгі блоктан тұрды- пленарлық отырыс, мастер- класс және дөңгелек үстел. Пленарлық отырыста «Қытай, Макау университетінің ағылшын тілі орталығында жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында есеп- баяндама тыңдалды (п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И., шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, психология магистрі Кудрицкая Е.А.).
Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Балжанова А.М. «СLIL activities in the classroom» (ҚМПИ көптілділік орталығы), Қостанай медициналық колледжының оқытушысы Ильина Е.А. «Critical Thinking in Language Learning and Teaching» (320 дәрісхана) тақырыбында мастер- класстар өткізді. Дөңгелек үстел шетел тіліде білім берудегі мұғалімдер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуына арналды.