«Нашақорлық – ғасыр дерті»
- Подробности
- Опубликовано: 04 февраля 2015
2015 жылдың 4 ақпаны күні Қазақ және орыс филологиясы факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттеріне «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағат аясында қоғамды жайлаған ХХІ ғасырдың тажалы нашақорлық туралы кеңінен түсініктер берілді. Студенттер нашақорлық жолына түскен екі кейіпкердің жан күйзелісін солардың кейпіндегі рөлге еніп, оның зиянын студенттерге жеткізе білді. Нашақорлықпен қалай күресу керек? деген сұраққа топ студенттері өз көзқарастарын білдіріп, ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар осы тақырып аясында «Есірткінің зияны», «Нашақорлыққа тәуелділіктің неден басталатыны» атты баяндамалар оқылды.
Кураторлық сағаттың соңында студенттер қолдарына жанып тұрған шырақ алып болашақта осы шырақтай жалындап жанып, әрқашан зиянды әдеттерден қашық болатындарын жеткізді.