«Аққудың қанатына жазылған жыр»
- Подробности
- Опубликовано: 25 февраля 2015
Ақынның жүрегінде ашылған сыр,
Сәуле боп кеудесінен шашылған нұр,
Бүгінде қазағыма аманат қой
Аққудың қанатына жазылған жыр.
25 ақпан 2015 жылы Қазақ және орыс филологиясы факультеті студенттерінің «Балауса» шығармашыл жастар үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының қара нары, ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты әдеби-сазды поэзия кеші өтті.
Әдеби кештің мақсаты – студенттер арасында ақынның шығармаларын насихаттау, елін, туған жерін, Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке тіл, сөз өнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққа тәрбиелеу, студенттердің мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау және ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру.
Кеште Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы көп мәліметтер айтылды. Сонымен қатар Мұқағалидың «Қарағым-ай», «Сәби болғым келеді», «Сенің көзің», «Ана сен бақыттысың», «Саржайлау» т.б. әндері орындалып, ел жүрегінде орын алған 30-дан аса өлеңдері оқылды. Ақынның сырлас інісі әрі ауылдасы танымал ақын Еркін Әбілпановтың Мұқағалидың өмірінің соңғы кезеңі туралы естелігі көрсетілді. Кеш көрермендер көңілінен шықты. .