Ұлт көсбасшысын жақтаушылар форумы

17.04.15Сәуір айының 17 күні ҚМПИ барлық студенттері «Спорт сарайында» өткізілген 26 сәуір ҚР президенттік сайлауына қатысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған «Ұлт көсбасшысын жақтаушылар» форумы өткізілді. Бұл шараға елбасымыздың кандидатурасын қолдауға шақырған М.Құлмұхамед бастаған арнайы делегация келді. Делегация құрамында елбасын қолдап дауыс беруге шақырған басқа да елімізге танымал тұлғалар болды. Олар жиналған жұртшылықтың патриоттық сезімін оятуға арналған жалынды сөздерін арнады.
Бұл форумға факультет студенттері де белсене қатысты. Барлық жиналған қауым «нұрлы жол!», «Нұрсұлтан!», «Қазақстан!» деген ұрандарды айтып, арнайы берілген футболка мен бас киімдерді киіп, қолдарына жалаушалар ұстады. Форум барысында патриоттық бағыттағы әсем әндерді де бірге шырқап, форум соңы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филормония әншілерінің концертімен жалғасты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Ұлт көсбасшысын жақтаушылар форумы