Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еңселі, Елім!» атты облыстық байқауы

22.04.1522 сәуір күні ҚМПИ акт залында «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еңселі, Елім!» атты дәстүрлі әндер облыстық байқауы болып өтті. Бұл байқау үш кезеңнен тұрды:
1-кезең: «Күй тарту» номинациясы
2-кезең: «Жыр, терме, жырау» номинациясы
3-кезең: «Дәстүрлі ән» номинациясы
Алғашқы кезең «Күй тарту» номинациясы бойынша 10 қатысушы қатысты. Қатысушылар күмбірлеген күймен көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Аталмыш номинация бойынша Қазақ және орыс филологиясы факультетінен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Намиялы Жасұлан қатысты.
Екінші кезең: «Жыр, терме, жырау» номинациясына 6 үміткер қатысты. Қатысушылар терме жанры бойынша өз бақтарын сынады. Аталмыш номинация бойынша Қазақ және орыс филологиясы факультетінен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Таңатқанов Табиғат қатысты.

Үшінші кезең «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша 3 қатысушы қатысты. Олар дәстүрлі әндерімен көрерменді сусындатты.
Байқау қорытындысының «Күй тарту» номинация бойынша Қазақ және орыс филологиясы факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Намиялы Жасұлан жүлделі І орынды иеленіп, «Жыр, терме, жырау» номинациясы бойынша Қазақ және орыс филологиясы факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Таңатқанов Табиғат ІІ орынды иеленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еңселі, Елім!» атты облыстық байқауы