«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша VІІ республикалық пән олимпиадасы

24.04.15Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің базалық жоғары оқу орындарында пән олимпиадаларының өткізілу кестесіне сәйкес сәуір айының 23-24 күндері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ҮІІ республикалық пән олимпиадасы өткізілді. ҮІІ Республикалық пән олимпиадасына 20 жоғары оқу орнының командалары қатысты. Команда құрамы 3 қатысушыдан тұрды.
Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделі орындар тағайындалды: бірінші орын – біреу, екінші орын – екеу, үшінші орын – үшеу, сонымен қатар жеке есепте «Үздік эссе» номинациясы – екеу, «Үздік талдау» номинациясы – екеу, «Үздік тест нәтижесі» номинациясы – екеу, «Үздік ойталқы» номинациясы – екеу.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ҮІІ республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша төмендегі жоғары оқу орындары жүлделі орындарға ие болды:
І орын – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының командасы
ІІ орын – Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университеті
ІІІ орын – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Сонымен қатар өткізілген тапсырмалар бойынша жеке командалар, сондай-ақ студенттер жеке есепте марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша VІІ республикалық пән олимпиадасы