«Менің елім, Қазақстаным!»

28.04.1528 сәуір күні ҚМПи акт залында Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған факультетаралық «Менің елім, Қазақстаным!» атты көркемөнерпаздар байқауы болып өтті. Байққауға институтымыздың барлық факультеттері қатысты. Байқау талаптары бойынша әр факультет әр ұлттың мәдениетін көрермендерге таныстырып, әсем ән мен мың бұралған билерін паш етті. Сонымен қатар сол ұлтқа тән ұлттық аспаптарда түрлі шығармаларды орындады. Сол ұлттардың тілінде көркемсөз оқыды.
Бұл байқауға Қазақ және орыс филологиясы студенттері де ауызбіршілікпен белсене қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Бұл жолы факультет студенттері түрік халқының мәдениетімен көрермендерді тәнті етті. Ұлттық билерін билеп, ұлттық аспаптарында ойнады. Түрік тілінде көркемсөз оқып, түрікше ән шырқады. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды Қазақ және орыс филологиясы иеленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз