«Қазақ тілі - өз тілім»

24.02.1524 ақпан күні тілдер дайындығы оқу-тәрбиелік орталығы мен институтымыздың студенттер кәсіби одағының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі - өз тілім» сайысы болып өтті. Бұл сайысқа барлық мамандықтың өзге ұлттың студенттері қатысты.
№1 Компанеец Татьяна - шетел тілдері мамандығы.
№2 Гаджиева Севиль –биология мамандығы.
№3 Киселевич Елена - математика мамандығы.
№4 - Федорович Яна – музыкалық білім мамандығы.
№5 – Григорьева Надежда – орыс тілі мен әдебиеті мамандығы.
№6 – Тихова Ольга – дефектология мамандығы.

Аталған сайыс дәстүрлі түрде өткізілгеніне биыл 10 жыл болды.
Тіл – халықтың ажары, базары, бағы. Туған тіл - төл мәдениеттің жүрегі. Қазақ тілі – аса бай тіл. Cайысқа қатысушы өзге ұлт өкілдері, бірінші курс стеденттері қазақ тілін үйренуде жеткен жетістіктерін ортаға салды.
Сайыс 4 кезең бойынша өтті:
1 – кезең. Таныстыру. 3-5 минут ішінде әр студент өзін көпшілікке таныстыра білуі шарт.
2 – кезең. Сауаттылық сайысында фонетика, грамматика, лексикология, синтаксис салалары бойынша берілген сұрақтарға жауап берулері керек.
3 – кезең. Қазақтың салт – дәстүріне байланысты сайыс.
4 – кезең. Өнер көрсету немесе тіл, туған жер, Отан туралы өлең оқу.
Cайыста әділ қазылар алқасы өз бағаларын беріп, келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:
1 –ші орынды Тихова Ольга
2 –ші орынды Киселевич Елена
3 –ші орынды Компанеец Татьяна

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз