Шетел әндерінің фестивалі

uvc-27.02.15-12015 жылдың 27 ақпанында оқу-тәрбие тілдер дайындығы орталығының аптасында шетел әндерінің фестивалі барлық факультеттердің бірінші, екінші курс студенттері аралығында өтті.
Мақсат: Студенттердің шетел тілін оқуға деген ынтасын арттыру және олардың мәдениетін үйрену; сахна мәдениетінің беделін өсіру. Бұл іс-шара қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде өтті, техника құралдарымен жабдықталған (қажетті аппаратура, фонограмма, минусовка). Конкурс өте керемет өтті және студенттерді қызықтыра түсті. Конкурста 12 нөмір көрсетілді – соло, дуэт, трио. Нөмірлер төмендегі критериялармен бағаланды: әннің айтылуы және фонетикалық коррекция, темптің сақталуын қадағалау, дыбыстың сапасы, сахналық және орындаушылық шеберлігі. Іс-шараның бедел қатысушыларға 5 баллдан қойылды.

Қазылар алқасының бағалауымен студенттеріміз келесі орындарға ие болды:
uvc-27.02.15-21 орын: Намиялы Жасұлан, мамандығы "ҚТжӘ", 2 курс;
2 орын: Нұрмағамбетова Элеонора, мамандығы "Биология", 1 курс;
3 орын: Зарапова Айдана, мамандығы "География", 1 курс.
Конкурсқа қатысқан студенттер: Нұрмағамбетова Элеонора, Аюпова Балбота, Жалғасбек Нургуль, Ақылбек Ақерке, Левадная Валерия және Каерманова Анастасия, Джумагулова Мадина, Намиялы Жасұлан, Кирасир Светлана және Игубаева Алтын, Махрубаева Жадыра, Әлкеева Айғаным мен Ажихан Еламанды, Зарапова Айдана.
Қазылар алқасының мүшелері: ОТТДО-ның аға оқытушысы Хасенова Қ.Р., ОТТДО-ның маманы Сатпаева А.Т., 3 курс студенті Өміржанова Айдана (МБ), өнер кафедрасының аға оқытушысы Амирхамзин Н.К. Конкурс қатысушыларына мақтау қағаздары берілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз