«Тіл – достықтың көпірі»
- Подробности
- Опубликовано: 30 сентября 2015
30 қыркүйек күні 2015 жылы ҚМПИ 1-3 курс студенттері Қазақстанда тұратын халықтар мәдениетімен танысу мүмкіндіктеріне ие болды. Олар Қазақстанның халықтары Тілдер күніне арналған институттық «Тіл-достықтың көпірі» деген іс-шарасына белсенді үлес қосты,оны шетел тілдері факультетінің тілдерді дайындау және оқу тәрбие орталығының мұғалімдері С.Қ Абишева, В.Н. Плохотенко және Д.П Ловцова өткізді. Іс-шараның мақсаты қазақ, орыс, неміс, өзбек, корей, харват халқының музыка, поэзия және би арқылы тілдік ықпалдастығын қалыптастыру.Достық қарым-қатынас мынадай студенттердің орындауы арқылы жүздеге асты: Әжіхан Еламан «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті. Танатқан Табиғат «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті, Саулет Ахметбекова «Музыкалық білім мамандығы» 2 курс студенті, Сартай Ақжарқын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті, Жалғасбек Гульназ «Кәсіптік білім» мамандығының 2 курс студенті, Рахимжанова Диана «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті. Абдулазиз Шукурулло «Физика» мамандығының 2 курс студенті, Турмагамбетова Жаннур, Нұрболат Сапарғали, Мағжан Қуанышбек «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенттері. Тілеуова Диана «Туризм» мамандығының 1 курс студенті, ҚМПИ-ның хореографиялық коллективі «Ай-Ару». Барлық қатысушыларды әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы мақтау қағаздарымен Жакаева Салтанат Ануарбекқызы марапаттады. Ол іскерлік бедел мен өзара түсіністік ахуалы институтқа қолайлы жағдай жасайтындығын және осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.