«Тілім барда тірімін мен, мәңгімін... »
- Подробности
- Опубликовано: 22 сентября 2015
Қазақ және орыс филологиясы факультетінде үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде Тілдер мерекесіне арналған «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...» атты іс-шара өткізілді. Шараның өткізілуіне 31-ҚҚ тобы жауапты болды. Іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ауқымында өткізілгендіктен, шараға аталмыш мамандықтың 3, 2 және 1 курс студенттері қатысты.Іс-шара екі кезеңнен: өлең оқу, шығармашылық нөмірлерден тұрды .
Шара барысында,студенттер өз туындыларын оқып, тілге деген құрметін көрсетті. Әр тілде әндер орындалып, тыңдаушылардың көңілінен шықты.