«Сыбдыры сұлу, Алтын күз!»

Золотая осень2015 жылдың қараша айының төртінде ҚМПИ жатақханасында Қазақ және орыс филологиясы факультетінің ұйымдастыруымен «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» атты күзгі бал кеші болып өтті. Кеш барысында көмейінде бұлбұл сайраған талантты әнші қыз- жігіттер әндерімен көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Күзгі балға әр факультеттен өнердің биік шыңына қол созып, діттеген мақсаттарына жете білетін жас таланттар қатысты. Кеш конкурсының әділқазылары Қазақ және орыс филологиясы факультеті деканының орынбасары Шошақова Жанар Қарасынқызы, Тарих және өнер факультеті деканының орынбасары Зухра Нұрлыбекқызы студенттермен бірге қызыққа толы кешті көңілді өткізді. Әділқазылардың шешімімен Бірінші орынды тамылжыған дауыстарымен талайды тамсандырған Тарих және өнер факультетінің студенттері Бекзат және Алтынай қанжығаларына байлады. Екінші орынға ие болған кешті ұйымдастырушы Қазақ және орыс филологиясы факультетінің студенттері Сырым мен Диана болды. Және үшінші орынның тұғырына орналасқан Жаратылыстану- математика факультетінің студенттері Бақтыбек және Назерке керемет өнерлерімен таң қалдырды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отыра, болашақта өнердің шыңына көтеріліп, еліміздің атын асқақтататын ұлт мақтаныштары болуына тілектеспіз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз