Қатарға жаңа кітап қосылды...

Қараша айының 12-сінде Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапханада Қостанай облысының құрметті азаматы, кемел ақын, Меккеге 7 рет барып келген Жолбарыс Қажы Баязид мырзаның «Өң мен түстей дүние» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Кешті Дамир Әбіш жүргізді.
Келген қонақтардың барлығына ақынның жаңа кітабы тегін үлестірілді. Ақ, көк кітаптарды қолдарына ұстаған оқырмандар кітаптың әр бетінен жарық сәуле көргендей таңдана қарап, оқып отырғаны көрініп тұрды.
Кеш барысында ҚМУ жіне ҚМПИ студенттері ақын өлеңдерін оқыса, облыстық әншілер әндерін нақышына келтіріп орындады. Сахна ортасында төгіліп күй де шертілді, ақтарыла сырлар ашылып, тілектер айтылды. Кеш соңында оқырман қауым ақынмен естелік суретке түсіп, қолтаңбалар алып, мәз болысты. Қазақтың кітаптар қорына қосылған бұл жаңа дүние- халыққа қымбат қазына!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз