ҚМПИ футбол лигасы

football league kspi 20152014 жылы шетел тілдер факультеті студенттерінің ұсынысымен ҚМПИ футбол лигасы ашылды. Лиганың негізгі мақсаттары студенттер мен жастарды салауатты өмір салтына және спортпен айналысуға баулу. Аталған лигаға 2 жыл болды. Лиганың бірінші маусымында 11 команда қатысып, табысты болды.Биылғы маусымда 9 команда қатысып футбол аланында өз факультеттерінің намысын қорғап жүр. ҚМПИ футбол лигасы студенттер арасында танымал болып, студенттердің спортпен шұғылданып жатқанын көруімізге болады. Футбол – бұл ұжымдық ойын, өз аясына көптеген студенттерді жинады, соның ішінде өз командаларын қолдауға келген студенттерді де. Футбол лиганың ұйымдастыру және қызмет көрсету турнир ұйымдастырушылары (Сансызбаев Олжас – ұйымдастырушы, Елемесов Дамир – турнир төрағасы, Каппазов Алмас – топ редакторы). Ойындар әр сенбіде 18/00 с. ҚМПИ спортзалында өтеді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз