ШТФ студенттерінің ҚР БҒМ вице-министрі Т.О. Балықпаевпен кездесуі
- Подробности
- Опубликовано: 24 ноября 2015
24 қарашада 2015 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс-залында Қостанай облысында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықпаевпен кездесуі өтті. Кездесуге Қостанай облысының колледж директорлары мен жоғары оқу орындырының ректорлары, білім беру басқармасының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында студенттер «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сұрақтар қойды және Қазақстанның жетекші ЖОО бірі – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқуға берілген мүмкіндігі үшін бағдарламаның ұйымдастырушылары мен вице-министрге алғыстарын білдірді.