Уақытпен бірге
- Подробности
- Опубликовано: 03 декабря 2015
2015 жылдың 3 желтоқсанында Шетел тілдері факультетінің 1-курс студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылау іс-шарасына қатысты.Аталған іс-шараға институт студенттері, оқытушылар және Қостанай облысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия филиалының бірінші орынбасары Сапарова А.С. шақырылды. Институт ректоры Баймырзаев Қ.М. өз кіріспе сөзімен сахнаға шықты. Келесі сөз кезегі Сапарова А.С. берілді. Өз сөзінде, Президент жыл сайынғы жолдауында жастарға көңіл бөлетінін атап өтті. Сөйлегендер арасында оқытушылар, институт өміріне белсенді қатысатын ҚМПИ қызметкерлері мен студенттері қатысты.