ШТФ –көркемөнерпаздар байқауында II орын

http://kspi.kz/images/articles/news_2015/smotr-09.12.15_7.JPG2015 жылдың 9 желтоқсанында ҚМПИ акт залында Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты көркемөнерпаздар байқауы өтті.Шетел тілдері факультетінің студенттері көрнекті қабілеттерін көрсетті. 2-курс студенттері Кенжебаева А., Нурмагамбетова Г. 1-курс студенттерінің флеш-мобымен бірігіп, «100 қадам » атты патриоттық биді көрсетті; «Атамекен» атты патриоттық өлеңді Еркін К., Өтегенова А., Рахимова А. орындады; музыкалық аспаптар, домбыра жанрында Кравцова А. ерекше көзге түсті;Нургалимова Д.скрипканың сүйемелдеуімен, Унгутбаева А. ағылшын тілінде Абайдың «Қара сөздерін» мәнерлеп оқыды; өз ісінің шебері, фокусник-иллюзионист Роздрогов М., гимнастка Байзрахманова Д., әлем чемпионы Азия Николаева А., өз өнерлерін көрсетті. «Туған жерім» атты финалдық өлеңді шет тілдер факультетінің 1 және 2курс студенттерінің хоры орындады.Әділ қазылардың бағалау қорытындысы бойынша Шетел тілдері факультеті ІІ орынды иеленіп, музыкалық аппаратпен марапатталды.Факультеттің ерекше жанры да арнайы мадақтамаға қол жеткізді. Көркемөнерпаздар байқауындыа ШТФ екі жыл қатарынан ІІ орынға ие болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті ШТФ –көркемөнерпаздар байқауында II орын