КВН-да 1 орын

22.04.162016 жыл 22 сәуірде - дәл осы күн факультетаралык КВН лигасында ректор кубогі үшін жарыста шешуші күн болды. Кубогті жеңіп алғысы келгендер өздерін барлық жақтарынан көрсетті – таныстырудан бастап үй тапсырмаларын орындау сайысына дейін, олардың қатарында Костанай облысына танымал сайыскерлер қатысты. ШТФ командасы капитан Елемесов Дамирдың жетекшілігімен сәтті өнер көрсетіп, көрермендерін тәнті еттті. Актерлік шеберліктері, сахнада өз-өзін ұстауы, көрермендерді сезіне білуі және олармен бір бағытта болуы, команданың бірлігі, ойлылыгы, тапқырлығы, еңбекқорлығы бәрі-бәрі шетел тілдері факультеті командасының жеңімпаз екендігін көрсетіп, қарсыластарының күшті екендіктеріне қарамай өздерінің мақсаттарына жетті. Біз көптен күткен жеңістерімен құттықтаймыз және алда шығармашылық табыстар тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз