Ғылыми жобалар сайысында - 3 орын

22.04.162016 жылы 22 сәуірде студенттердің ғылыми жобалар сайысы өткізілді, сайысқа шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к. Данилова В.В. жетекшілігімен ШТФ 4- курс студенттері Беленко Д., Муштакова Е., Утенова А., Отебай У., Қазбекова М. қатысты. Жоба тақырыбы: «7 модуль» НИШ деңгейлік бағдарлама негізінде электронды портфолия әзірлеу арқылы болашақ шетел тілдері мұғалімдерінің ИКТ-құзыреттілігін қалыптастыру». Студенттер тарапынын болашақ шетел тілдері мұғалімдеріне арналған 48 электронды портфолия әзірленді, электронды портфолияны құрастырудың әдістемелік жоспары дайындалды. Бұл жоба Қазақстан республикасында қазіргі ғылым саласында өте өзекті болып табылады, сонымен бірге жаңа форматтағы мұғалімдерді дайындаудың кешенді саласын жүзеге асырады.Студенттер өздерінің жобаларын қорғау кезінде ситуациялық жағдайларды ойнады, бұнда мұғалімнің ИКТ-құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін аңғартып, сонымен бірге өздерінің авторлық шеберліктерін де көрсете алды. Командаға сайысқа қатысқаны үшін грамота және 40000 теңгенің сертификаты берілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Ғылыми жобалар сайысында - 3 орын