Қазақстан халықтарының тілдер күні
- Подробности
- Опубликовано: 22 сентября 2016
2016 жылдың 22 қыркүйегінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға-оқытушылары Ловцова Д.П. мен Сержан-Абдрахманова Ш.К. Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шараны өткізді. Қазақстан халықтарының тілдер күнің атау барысында тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы ұлтаралық рухани бірлікті нығайтуды және қазақ тіліне деген қызушылықты, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыруды мақсат етті. Іс-шара барысында студенттерге Қазақстанда үштілділік маңыздылығы жеткізілді. Аталған іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдер, психология және педагогика мен тарих және өнер факультетінің студенттері белсенді қатысып, Қазақстан халықтарының тілдеріне арналған шығармалар оқыды. Сонымен қатар қазақ, еврей, неміс француз, ағылшын тілдерінде ән шырқалып, әртүрлі халықтардың биі биленді.