Ыбырай Алтынсариннің 75-жылдығына арналған әдеби кеш

26.10.162016 жылдың 26 қазан күні тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға оқытушылыры Сержан-Абдрахманова Ш.Қ., Плохотенко В.Н., Ловцова Д.П. мен ұйымдастырумен өтті.
Бұл іс-шараға қазақ және орыс факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері ерекше ат салысып, Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қатысты.
Мол деректерден баяндама дайындап, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, тағылымы мол әңгімелерінен көрініс көрсетті. Іс-шара барысында Ыбырай Алтынсарин жайлы презентация мен бейнероликтер студенттер қауымына ұсынылып, соған қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Іс-шара барысында филология факультетінің студентері Жанжигитов Сырым күй тартып, Махрубаева Жадыра мен Әлкеева Айғаным, Әжіхан Еламан әннен тарту етті. Шет тілдері факультетінің 1 курс студенттері Ы. Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесіне, филология факультетінің 3 курс студенттері «Асыл шөп» әңгімесіне көрініс қойды.
Іс-шара барысында студенттер үш тілде Ыбырай әңгімелерінің мәнін, студенттерге берер тағылымын баяндап берді. Сексенбай Жансая мен Серигхан Айман Ыбырай аталарына арнап жазған өлеңдерін оқып берсе, бір топ студенттер Ыбырай өлеңдерін нақышына келтіре, мәнерлеп оқып берді. Белсене қатысқан студенттерге ұстаздар тарапынан алғыс айтылып, іс-шара барысынан алған әсерлерімен бөлісті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Ыбырай Алтынсариннің 75-жылдығына арналған әдеби кеш