Студенттердің адамгершілік құндылықтарын жаңғырту
- Подробности
- Опубликовано: 02 ноября 2018
2018 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімінің қызметкерлері филология факультетінің оқытушылары және студенттерімен бірлесіп «Студенттердің адамгершілік құндылықтарын жаңғырту» атты дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы “Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек,”-деген мәселе төңірегінде әңгіме өрбіді. Дөңгелек үстел барысында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген игі істер туралы нақты деректер мен оқиғалар әсерлі әңгімеленді.
Кездесу соңында бөлім командирі Е. Ипатов Ұлттық Ұлан қызметкерлері филология факультетінің оқытушыларын, атап айтқанда, К.Қ. Есіркепова мен К.М. Мырзағалиеваға Елбасы жолдауын насихаттау барысында және сарбаздарға патриоттық тәрбиелеуде көрсеткен еңбектері үшін алғыс айтып, мадақтама қағазын табыс етті.
Автор: Канапина С.Г.