Көркемсөз – көңіл кілті

2018 жылдың 21 қарашасы күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығы аясында «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Мақсаты: биылғы жылы мерейтойлары аталып өткен әдебиет өкілдерінің шығармаларын насихаттау, студент қауымын шығармашылыққа баулу.

Байқауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты.

Байқаудың бірінші кезеңінде поэзиялық туындылар бейнеролик арқылы оқылып, қазылар тарапынан қашықтықтан бағаланды.

Екінші кезеңінде студенттер драмалық қойылымдар бойынша сайысқа түсті. 1 курс студенттерінің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», 2 курс студенттерінің «Қанмен жазылған хат», 3 курс студенттерінің «Бір түп алма ағашы» драмалық қойылымдары өткеніміз бен бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап, көрермен жүрегіне жол тапты.

Байқау нәтижесінде екі кезең бойынша жүлделі орындар беріліп, студенттер марапатталды.

Сейсембай Г.А.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз