Инновациялық жобалар байқауы

22.04.16-fks-innov2016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Сараптама комиссиясының шешімі бойынша 6 команда үздік танылып, финалға жолдама алды. Ұсынылған жобаларды білікті қазылар алқасы бағалады. Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің командасы «Succes» туристік-тілдік лагері» жобасын ұсынып, 2 орынды иеленді. Аталған жобаның мақсаты: шетел тілдерін меңгеруді арттыру, тілдік кедергіні жою және тілдік дағдыларды тұрақты қолдану арқылы тілдік қызмет процесін жандандыру, сонымен қатар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз