Халықтар бірлігі күніне арналған спорттық квест ойыны

fks-15.04.16-kvest15 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1-4 курс студенттерінің арасында факультетаралық квест ойыны өткізілді. «Туризм» мамандығының студенттері логикалық тапсырмалар, сонымен қатар ұжымды біріктіруге арналған спорттық тапсырмалары бар іс-шаралар қатарын ұйымдастырды. Ойынға институттың алты факультетінен 62 студент қатысты. Ойынның әр кезеңіне келесі студенттер бекітілді: А.Султанова, А.Каримова, И.Нурманова, А.Терентьева, Т.Колеснюк, З.Сейлханова, В.Гунчевская, М.Ержанова, А.Орлов, М.Тукешев, Б.Бабиев. Жоба үйлестірушісі: К.Федина. Бас төреші: В.Мальшакова.
Квест ойыны нәтижесі бойынша дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті 1 орын, жаратылыстану-математика факультеті 2 орын, тарих және өнер факультеті 3 орынды иеленді. Спорттық ойын қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады. Аталған іс-шара студенттердің денсаулығын нығайтуға көмектеседі, сонымен қатар студенттер арасында ұжымшылдық пен достықты, тәртіп пен ұйымдасушылық қабілеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Халықтар бірлігі күніне арналған спорттық квест ойыны