«Инновация жастардың өмірінде»

2015 жылғы 05 желтоқсанда ҚБ «Қостанай облысы педагогтарының қауымдастығы» «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде «Инновация жастардың өмірінде» өңірлік ғылыми - практикалық конференцияны өткізді.
Конференцияның ұйымдастыру комитетіне 100 мақаладан аса, жартысынан артық конференцияның ғылыми мақалалардың жинағына енгізілді. Конференцияның қатысушылары (№1ОМ, № 22, № 23, М.Горький атындағы гимназиясы, «ОЗАТ» дарынды балаларға арналған мектеп- интернаты, Назарбаев Зияткерлік мектебі, ФМЛ) мұғалімдері және оқушылары, колледждердің, облыстың барлық аймақтарынан (Костанай қ., Лисаков қ., Аркалық қ., Қарабалық, Сарыкөл, Жітіқара, Мендіқарааудандарынан және т.б.). ЖОО студенттері. Жоғары белсенділігін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері және Қостанай қызмет көрсету және Торғай аграрлық- техникалық колледждердің оқушылары көрсетті.
Авторлар педагогика, туризм, медицина саласында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды, оқытудың инновациялық әдістемелері қарастырылды, Қазақстанадағы білімін дамыту негізгі перспективалары талқыланды. Конференцияда 10 үздік баяндама тыңдалды. Олардың жұмыстары ҚБ «Қостанай облысы педагогтарының қауымдастығы» және «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ сертификаттарымен белгіленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз