«Дұрыс тамақтану – алиментарлы-тәуелді ауруларға қарсы шығу жолы»
- Подробности
- Опубликовано: 16 ноября 2015
2015 жылдың 16 қарашасында Дене шынықтыру факультетінің студенттеріне арнап «Дұрыс тамақтану – алиментарлы-тәуелді ауруларға қарсы шығу жолы» атты семинар өткізілді. Оған Қостанай облысының ұлттық салауатты тамақтану орталығының аға ғылыми қызметкері, дәрігер-валеолог, медицина ғылымдарының кандидаты Жаркова Надежда Васильевна шақырылды. Надежда Васильевна студенттерге өзінің ғылыми ақыл-кеңестерін әңгіме түрінде түсінікті және қызықты етіп айта білді. Сонымен қатар ол қолдағы бар мәліметтерін презентация түрінде көрсетті. Студенттер де белсенділік танытып, өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, ұнаған информацияларды фотосуретке түсіріп алды.
Алиментарлы-тәуелді аурулар қатарына гастрит, асқазан жарасы, колит, құрт, қант аурулары, семіру т.б. жатады.
Осы ауруларды болдырмау жолдарын көрсететін кітапшалар мен үнпарақтарды да Н.В. Жаркова студенттерге үлестіріп шықты.
Осы ауруларды болдырмау жолдарын көрсететін кітапшалар мен үнпарақтарды да Н.В. Жаркова студенттерге үлестіріп шықты.