Пауэрлифтингтен әлем чемпионаты

9-15.11.159-15 қараша аралығында Хамм қаласында (Люксембург) ерлер және әйелдер арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтіп, оған 48 мемлекет қатысты. Қостанай қаласының екі спортшысы, институтымыздың түлектері Қазақстан құрама командасының құрамында өнер көрсетті. Залим Кувамбаев 105 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде үшсайыс қосындысы нәтижесінде 972.5 кг көтеріп, 4 орынды жеңіп алса, Екатерина Крюкова 72 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде 535кг көрсеткішімен 6 орынды иеленді. Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Игорь Алексеевич Шилов әлем чемпионатында пауэрлифтингтен халықаралық санаттағы жаттықтырушы және төреші ретінде қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз